Шымкентте Президентке медициналық өнімдер өндірісі таныстырылды

Мемлекет басшысы Шымкентке жұмыс сапары барысында Marai E7 Group өндіріс алағына барып, кәсіпорынның қызметімен танысты. Бұл өндіріс орны травматология және остеосинтез саласына қажетті дәке мен титан импланттарын шығаруға маманданған.

Сапар барысында Президентке қалада өндірілетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың үлгілері көрсетілді. Қазіргі таңда Шымкент отандық фармацевтика өнеркәсібінде маңызды орынға ие.

Мегаполисте 19 фармацевтикалық кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірісі — «Химфарм» зауыты.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 8,7 шақырым жолға асфальтбетон қабаты төселді

Тоқтар Әубәкіров әріптесі Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушылардың дөңгелек үстел өтті

berdaly_oraz