Шымкентте салмағы 1 келіге жетпейтін шақалаққа күрделі жүрек операциясы сәтті жасалды

Шымкентте салмағы 1 келіге жетпейтін шақалаққа күрделі жүрек операциясы сәтті жасалды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қалалық перинаталды орталығында туғанына небәрі 45 күн болған, салмағы 1 келіге әрең жететін шақалақтың жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

25 аптасында дүниеге келген сәби бірден орталықтың нәрестелер реанимация бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның салмағы бар-жоғы 655 грамм, бойы 28 сантиметр болғанын айтады. Нәрестеге «ашық артериалды өзек» (туа біткен жүрек ақауы) диагнозы қойылып, сонымен қатар респираторлық дистресс-синдром анықталған.

Жағдайы өте ауыр болғандықтан, бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күрделі диагноз бен шақалақтың әлсіздігіне қарамастан, перинаталды орталықтың мамандары қаладағы тәжірибелі кардиохирургтармен бірігіп, шұғыл шешім қабылдады.

Нәтижесінде, ашық артериалды өзекке жасалған операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен перинаталды орталықтың анестезиолог-реаниматологы Ақжол Абдраимов сәтті өткізді.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Ол перинаталды орталық бас дәрігерінің неонаталды қызмет бойынша орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шабетов бастаған мамандардың тұрақты бақылауында.

Медицина қызметкерлері сәби толық сауығып кетеді деп үміттеніп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Күдіктілер арасында әскери қызметкер бар» Сарыағашта мүгедектігі бар жас жігітті айдалада өлтіріп кетті

berdaly_oraz

АУЫС-ТҮЙІС: Арыс қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жаңа басшы басқарады

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады-Думан Әбілев

berdaly_oraz

Пікір жазу