Шымкентте қандастардың құқығы қорғалды

Шымкент қаласында қандастардың құқығы қорғалды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қандас мәртебесін алған «М» жергілікті атқарушы органнан рұқсат алмай, еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес қандас мәртебесін алған адамға еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу талап етілмейді.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуроры соттың қаулысына апелляциялық өтінішхат енгізді.

03.02.2025 жылы Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша бірінші сатылы сот қаулысының күшін жойып, іс тоқтатылды.

Сол арқылы тарихи отанына оралған және «қандас» мәртебесін алған түлғаның құқығы қорғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Конституциялық реформаға қатысты жан-жақты талқылау өткізді

Redaktor Arysinfo

Қайсар Маңқараев: Тыл ардагерлеріне құрмет – ұрпақ парызы

berdaly_oraz

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Redaktor Arysinfo