Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер 5 тәулікке қамалды

Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер 5 тәулікке қамалды,деп дазады Арысинфо.кз.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттің «Тұран-2» ықшамауданындағы «Жаңалық» сауда үйі маңында өткен тегін балмұздақ тарату шарасы тәртіп бұзушылықпен аяқталды.

Акция барысында адамдар балмұздақ үшін таласып, қоғамдық тәртіп бұзылған. Жиналған жұрт балмұздақ лақтырып, айқай-шуға себеп болған.

Полиция мәліметінше, шараны ұйымдастырған кәсіпкерге 50 айлық есептік көрсеткіш (196 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды және ол ұсақ бұзақылық бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

berdaly_oraz

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті