Шымкентте жаңа мектеп бой көтеруде: Тельман шағынауданындағы білім ордасы оқу жылына дейін пайдалануға беріледі

Шымкентте жаңа мектеп бой көтеруде: Тельман шағынауданындағы білім ордасы оқу жылына дейін пайдалануға беріледі,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қаласының Тельман шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2024 жылдың сәуірінде басталған құрылыс бүгінде 65 пайызға аяқталған. Қала әкімдігі нысанды жаңа оқу жылына дейін қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Жаңа мектептің жобалық шешімдері заманауи талаптарға сай әзірленген. Білім ұясы бес блоктан тұрады. Жоғары және бастауыш сыныптарға арналған бөлек оқу корпустары, әкімшілік бөлмелер, кітапхана, кең көлемді спорт залы мен басқа да қажетті инфрақұрылым қамтылған.

Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру – басым бағыттардың бірі. Соның ішінде білім беру саласына ерекше мән беріліп отыр. Жыл сайын жаңа мектептер салынып, қолданыстағы білім нысандары қайта жаңартылуда. Бұл өз кезегінде оқушылардың сапалы білім алуы мен қолайлы ортада тәрбиеленуіне жол ашады.

Қазіргі таңда қалада тағы 5 мектепке қосымша ғимарат салынуда. Сонымен қатар, 9 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шаһардағы демографиялық өсім мен білім беру сапасына қойылатын талаптар – жаңа нысандар қажеттілігін арттыра түсуде. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын таба бермек.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістанда ашылатын ”Қолөнершілер қалашығын” дамыту жолдары қарастырылды

ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЛДІ

Пікір жазу