СОЗАҚ АУДАНЫ: ӨТКЕН ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме жетекшілері және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілісте ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған басым бағыттар мен міндеттер жан-жақты талқыланды.

Аппарат мәжілісінде негізгі баяндама аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбековке берілді. Ол өз баяндамасында аудан көлемінде өткен жылы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджеттік түсімдер мен жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалу барысын саралады. Сонымен қатар 2026 жылға жоспарланған жобалар мен мақсатты индикаторлар таныстырылып, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолдары баяндалды.

Мәжілісте сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары қаралды. Бөлім басшысы Ғани Пәрдебекұлы жер телімдерін рәсімдеу, жерді тиімді пайдалану, заңсыз жер пайдаланудың алдын алу, мемлекеттік жер қорын басқару бағытындағы атқарылған шаралар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылаған аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау, жоспарланған жұмыстарды мерзімінде әрі нәтижелі іске асыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, ауылдарды абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды. Ауылдық елді мекендердегі саябақтар мен демалыс орындарын дамыту, су бұрқақтарын орнату, елді мекендердің эстетикалық келбетін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

Аудан әкімі барлық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, сала басшылары мен ауыл әкімдеріне халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді, көтерілген мәселелерді дер кезінде шешуді және аудан дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының тумасы Ордабек Анеля — Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

ҚР КӘСІПОДАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Redaktor Arysinfo

Жамбыл облысында мотоцикл жүргізушісі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

berdaly_oraz