СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ КҮНДЕРДЕ ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ТАЙҒАҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

Созақ ауданында қысқы ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Аудан орталығында қар жинау, жолдарды ашу және мұздану қаупінің алдын алу мақсатында тәуліктік режимде арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға «Созақ сәулет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен техникалары тартылған. Түнгі кезекшілік кезінде мамандар негізгі көше бағыттарын қардан аршып, қоғамдық орындарға апаратын жаяу жүргіншілер жолдарын да тазартты. Сонымен қатар жол бетінің көктайғақ болмауы үшін тиісті инертті қоспалар себілді.

Бүгінгі таңда 5 бірлік арнайы техника іске қосылып, бір түннің ішінде 50 тоннаға жуық құм-тұз қоспасы жолдарға себілген. Бұл жұмыстар көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындардың қауіпсіз жүруіне бағытталған.

Аудан әкімдігі қар тазалау жұмыстары ауа райы жағдайына қарай тұрақты түрде жалғасатынын, қажет болған жағдайда қосымша техника мен мамандар жұмылдырылатынын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Беймезгіл уақытта көшеде қаңғып жүрген 273 жасөспірім анықталды

Альфия Адамбек

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанда тарихи орындарды аралады

berdaly_oraz

Түркістан облысында ветеринария саласы қызметкерлеріне 85 көлік тапсырылып, су шаруашылығы өкілдеріне құрмет көрсетілді