Созақта шегірткемен күрес жұмыстары басталды

Түркістан облысы Созақ ауданында дәстүрлі түрде жүргізілетін шегіртке зиянкестеріне қарсы залалсыздандыру шаралары басталды. Бұл туралы turkistan.today хабарлады.

Қазіргі таңда Жартытөбе ауылдық округіндегі «Таскөмірсай» маңында 150 гектар, Құмкент ауылдық округінің Сарысу ауданымен шекаралас бөлігінде 100 гектар аумақ химиялық өңдеуден өтті. Жоспар бойынша жалпы 850 гектар жерді залалсыздандыру көзделген. Аталған шараларға 8 арнайы техника жұмылдырылған.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков зиянкестерге қарсы жұмыстар жүргізіліп жатқан аумақтарға арнайы барып, іске жауапты мекемелерге жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы бұл өңірде саяқ шегіртке түрі тіркеліп, 930 гектар аумақ залалсыздандырылған. Ал биыл алғаш рет Сарысу ауданымен шекаралас аумақтан итальяндық шегіртке анықталып отыр. Қазір зиянкестердің дернәсілдері табылған жерлер болжам орталығы мамандарының тұрақты бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жаңа шағынаудан бой көтереді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

berdaly_oraz

Ерекше балаларға арналған «Түркістан БАЛАFEST» өнер фестивалі өтті