Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенмен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның халық әртісі, халықаралық деңгейдегі әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш Құдайбергенмен кездесті.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы қонақты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, ашықтықты арттыру мен заңдылық қағидаларын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды.

Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікті тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасаттылық қағидаларын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Антикор төрағасы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті арттыру мақсатында алдын алу және профилактика шараларына ерекше мән беру қажет екенін баса айтты.

Өз кезегінде, Димаш Құдайберген жүргізіліп жатқан жұмысты қолдайтынын білдіріп, еліміздің болашағы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Тараптар қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидаларын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мәдени-танымдық бастамалар арқылы парасаттылық қағидаларын насихаттауға бағытталған бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенге еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысын білдіріп, шығармашылық қызметінде зор жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда мақта мен сүт кластері дамиды: жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ

berdaly_oraz

Шымкентте алаяқтар зейнеткердің 46 млн теңгесін қолды қылған

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

berdaly_oraz

Пікір жазу