ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ МІНДЕТ: ТҮЛКІБАСТА РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Түлкібас ауданында тазалықты сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Азаттық ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында мобильді топ құрылып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мобильді топ өкілдері саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарды аралап, санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына назар аударды.

Рейд барысында 19 тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқыс тастамау, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндірілді.

Аралау кезінде тазалық қағидаларын бұзу фактілері анықталған жоқ. Бұл – тұрғындардың тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарай бастағанының оң көрсеткіші.

Дегенмен тазалықты сақтау бір реттік науқанмен шектелмеуі тиіс. Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаның тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты мобильді топтың рейдтік және профилактикалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаспақ.

Таза ауыл – жайлы орта. Заң мен тәртіп сақталған жерде қоғамдық қауіпсіздік те нығая түседі. Сондықтан тазалықты сақтау мен тәртіпке бағыну – баршаға ортақ міндет.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҢ 2006 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАНАНЫ ТАБЫСТАДЫ

Redaktor Arysinfo

Сарыағаштағы ауыл-аймақтарда жаңа медициналық нысандар салынуда

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУ САЛАСЫНА 400 МЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

berdaly_oraz