TITF–2025: Халықаралық форумда Түркістанның туристік кластерін жаһандық деңгейге шығару талқыланды

Түркістанда өтіп жатқан «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» аясында «Мультитуризм – өңірдің тұрақты өсуінің драйвері» атты панельдік отырыс өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, шетелдік және отандық инвесторлар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Зұлпыхар Жолдасов өңірдегі туризм динамикасына тоқталып, халық санының соңғы жылдары 1,5 есеге өсіп, 2,1 млн адамнан асқанын атап өтті. Бүгінде облыста:

 

251 қонақ үй мен орналастыру орны,

117 санаториялық-курорттық ұйым,

тарихи-танымдық, экологиялық және сауықтыру туризмінің тұрақты дамуы байқалады.

Облыста бірқатар ірі туристік және инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. Әкімдік инвесторлар үшін ашық екенін, саланы әртараптандыруға бағытталған жаңа ұсыныстарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Форумда Түркістанның туристік бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету, инфрақұрылымды дамыту және адами капиталды күшейту мәселелері қозғалды.

Сарапшылар өңірдің экотуризм, этнографиялық туризм, MICE және спорттық-мәдени бағыттар бойынша мүмкіндіктерін талқылады.

«SkyWay LTD» директоры Әсем Қозбағарова,

«All Seasons Travel» Қазақстан филиалының директоры Жанар Раздан,

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері,

«Fly Arystan» және «SCAT Airlines» өкілдері.

 

Олар көлік логистикасын жетілдіру, инфрақұрылымды күшейту, туристер легін арттыру және екіжақты туризм байланыстарын дамыту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

2024 жылы туризм саласына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылды;

47 туристік жоба іске асырылуда;

Биыл тарихи нысандарды 911,2 мың турист тамашалады;

Орналастыру орындарында демалғандар саны 151 мың адамға жетті;

500 спортшыға арналған Орта Азиядағы баламасы жоқ Ескек есу каналы іске қосылды.

Өңірде халықаралық әуежай толыққанды жұмыс істейді. Сонымен қатар Түркістан облысы аумағында ЮНЕСКО тізіміндегі 4 ерекше қорғалатын табиғи парк бар:

«Ақсу-Жабағылы» қорығы,

«Қаратау» қорығы,

«Сайрам-Өгем» ұлттық паркі,

«Сырдария-Түркістан» табиғи паркі.

 

Бұл нысандар туризмнің экологиялық және танымдық бағытын күшейтеді.ө

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Төлеби ауданында 36 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды

berdaly_oraz

«Күдіктілер арасында әскери қызметкер бар» Сарыағашта мүгедектігі бар жас жігітті айдалада өлтіріп кетті

berdaly_oraz