Сурет:gov.kz | Тәуекел Арманұлы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізілген ауқымды реформаларға және алдағы стратегиялық бағыттарға қатысты мәлімдеме жасады.
Президенттің айтуынша, жаһандық ахуалдың күрделенуіне қарамастан, Қазақстанда түбегейлі әрі маңызды өзгерістер жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2022 жылғы конституциялық реформа мен атом электр станциясын салуға қатысты референдум кезінде халықтың басым бөлігі бұл бастамаларды қолдаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық шешім елдің қажеттілігін ескере отырып қабылданатынын атап өтті. Оның сөзінше, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыс – негізгі басымдық.
– Халықтың қамы, ұлт пен мемлекеттің мүддесі мен үшін баға жетпес құндылық. Алдағы уақытта да елімізді дамыту, Тәуелсіздігімізді нығайту жолында бар күш-жігерімді саламын, – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз стратегиялық бағытын тұрақты түрде қолдап келе жатқан қазақстандықтарға және ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
