Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша келіссөзін қолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путин арасындағы Украина мәселесі бойынша телефон арқылы өткен келіссөздердің нәтижесін қолдайтынын білдірді.

Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, екі ел көшбасшылары Еуразия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нақты келісімдер негізінде ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу үшін келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Шардара ауданының құрылғанына — 60 жыл

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Альфия Адамбек

Сарыағашта 800-ден аса адам сенбілікке қатысты