ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БӨЛІМШЕСІ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚҰРЫЛДЫ

Төлеби ауданында “AMANAT” партиясы Әйелдер қанатының аудандық бөлімшесін құруға арналған жиын өтті. Басқосуда ұйым жетекшісін бекіту мәселесі қаралып, партияның аудандық филиалындағы Әйелдер қанатының басшысы ретінде Гүлжан Алтынбекқызы Айдарқұлова тағайындалды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен “AMANAT” партиясының аудандық атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров қатысты. Жиын барысында партияның әйелдерге арналған бастамаларының маңызы, атқарылып жатқан бағдарламалар және алдағы жоспарлар талқыланды.

Партияның Әйелдер қанаты өңірлерде әлеуметтік әділдік қағидаларын ілгерілету, отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің көшбасшылық қабілетін арттыру және олардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Түркістан облысы бойынша ұйым 10 бағыттан тұратын бағдарламалық жоспар аясында түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

Соңғы айларда басталған бастамалардың қатарында “Әйел Аманаты” телебағдарламасы, аудан мен қалаларда ұйымдастырылған “Денсаулық керуені”, сондай-ақ жасөспірімдер арасында өткізіліп жатқан “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбындағы семинарлар бар. Бұл шаралар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі болып саналады.

Жаңа жетекші Гүлжан Алтынбекқызы өз сөзінде әйелдердің әлеуетін ашуға, аудандық филиал жұмысының тиімділігін арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға күш салатынын атап өтті. Оның айтуынша, бөлімше алдағы уақытта да жергілікті қоғамдастықпен тығыз жұмыс істеп, әлеуметтік жобаларды кеңейтуге басымдық береді.

Іс-шара соңында партия өкілдері Әйелдер қанатының аудандық құрылымының ашылуы өңірдегі қоғамдық белсенді әйелдерге жаңа мүмкіндіктер беретінін және қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге серпін қосатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында спорт саласы қарқын алып, 10 айда 66 жаңа нысан пайдалануға берілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЫЛҒАЛДЫ КӨП ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ДАҚЫЛДАРДЫ ЕГУ ЛИМИТТЕРІ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

Арыс жастары «BIR TOLQYNDA» кешінде бас қосты