ТҮЛКІБАСТА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түлкібас ауд әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау ел дамуының басты шарттарының бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар аясында аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындарға арналған құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар-кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша білімін жетілдіру, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру және қаржылық алаяқтықтың алдын алу.

Кездесу барысында қатысушыларға несие рәсімдеу тәртібі, қаржылық міндеттемелерді тиімді басқару, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары, қарыз жүктемесін азайту тәсілдері және заң аясында өз құқықтарын қорғау тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Мамандар ақпараттарды қарапайым әрі тәжірибелік мысалдар арқылы жеткізіп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап берді.

Семинарға «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, Бәйтерек жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков және PhD доктор, психолог Салтанат Асанова қатысты.

Жандос Әзімбай құқықтық және қаржылық сауаттылық әр азаматтың жеке қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, оны заң аясында тиімді қорғай алуы қажет.

Ал психолог Салтанат Асанова қаржылық сауатсыздықтың психологиялық және әлеуметтік салдарына тоқталып, мұндай мәселелердің отбасылық кикілжіңдер мен түрлі тәуелділіктерге әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ қаржылық тәртіп пен эмоционалдық тұрақтылықты қатар дамыту қажеттігін айтты.

Кездесуді Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Асыл Сәтпайұлы Нұрлыбай жүргізіп, мұндай ақпараттық-түсіндіру шараларының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Ол тұрғындарды құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қаржылық жауапкершілікті арттыруға және заң талаптарын сақтауға шақырды.

Шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан мазмұнды жауаптар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда колледж студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиядасы басталды

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ 2 МЫҢНАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Redaktor Arysinfo

СОЗАҚ АУДАНЫ: ӨТКЕН ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz