САРЫАҒАШТА ЖАҢА ЗАМАНАУИ КИНОТЕАТР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Дереккөз, фото: Сарыағаш ауд әкімдігі

Сарыағаш қаласында тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған жаңа жоба жүзеге асып, заманауи үлгідегі “Kinoland Saryagash” кинотеатрының салтанатты ашылуы өтті.

Мәдени нысанның ашылу рәсіміне Арман Абдуллаев қатысып, көпшілікті жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Аудан басшысы бұл жобаның өңір тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтіп, кәсіпкерге алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа кинотеатр аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, сапалы кинотуындыларды өз өңірінде тамашалауға жағдай жасап отыр. Бұған дейін тұрғындар мұндай қызметті пайдалану үшін өзге қалаларға баруға мәжбүр болатын.

“Kinoland Saryagash” кинотеатры заманауи талаптарға сай жабдықталған үш көрермен залынан тұрады. Әр зал 110 орынға арналған. Жалпы кинотеатр бір мезетте 340 адамға дейін қабылдай алады.

Жобаны жүзеге асырған Altyn Bagym Kinoland серіктестігі ауданның мәдени-рухани дамуына үлес қосып отыр. Жаңа нысан алдағы уақытта тұрғындар мен жастардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді

ДЕПУТАТТАР ӨҢІРДЕГІ ТУРИСТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

berdaly_oraz

САРЫАҒАШТА СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

berdaly_oraz