ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Нұралхан Көшеровтің Түркістан қаласы тұрғындарымен жеке қабылдауында көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындармен арнайы кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдап, өзекті түйткілдердің шешу тетіктерін нақтылау.
Жиын барысында әлеуметтік маңызы бар бірқатар мәселелер талқыланып, жауапты салалық бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, I мөлтек аудан аумағындағы 3 тұрғын үй кешенінде тұрғындар көтерген проблемалар бойынша тиісті мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Сонымен қатар қала басшысы биыл I шағынауданда орналасқан 2, 3 және 5 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ Жаңа қала аумағындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің 1/1 және 1/2 үйлерінде анықталған кемшіліктер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды қысқа мерзімде жою жөнінде жауапты бөлімдерге тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек, 9-көшеде орналасқан 38/2 және 38/3 тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесуде көтерілген өтініштерге сәйкес тиісті мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

Кездесу қорытындысында қала әкімі құрылыс бөлімі мен сала мамандарына анықталған кемшіліктерді жедел зерделеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат берілетіні атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шағыр ауылының тұрғындары сусыз отыр: ЖШС «Ақаба-Сервис» пен әкімдік немқұрайлы ма?

berdaly_oraz

Шымкентте запасқа шығарылған әскери қызметшілерді салтанатты күтіп алды

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 миллион теңгеден беріледі

berdaly_oraz