ТҮРКІСТАН: АҚЫНЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ӘКІМ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазығұрт ауданның тумасы, дүр ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері  Бақытжан Алдиярды арнайы қабылдады.  Биыл 50 жасқа толған ақынды мерейтойымен қызу құттықтап, сый-сияпат жасады. Өңір басшысы әңгіме барысында алдағы уақытта руханият, мәдениет, өнер саласында қолға алынатын жобалар мен қолдаулардың жалғаса беретінін қуана жеткізді.
Айта кетейік, 2024 жылдың 14 қараша күні Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ақынның «Аналардың анасы» атты әдеби шығармашылық кеші өтеді. Жыр кешіне еліміздің түкпір-түкпіріннен  ақындар қатысады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштағы ауыл-аймақтарда жаңа медициналық нысандар салынуда

КЕНТАУДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

berdaly_oraz

«Арыс–Монтайтас» бағытындағы автобус Қабылсай трассасында жол апатына ұшырады- дереккөз

berdaly_oraz