Түркістан: Арыс аудандық сотының төрағасы Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары! Арыстық жерлестер!
Сіздерді бүкіл тіршілік атауына жан бітіп, қуаныш сезіміне бөлейтін — Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Тамыры тереңде жатқан әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Ұлы даланың биік рухымен басталатын Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің сондай-ақ салт-дәстүріміздің өзегі.
Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие.
Биылғы наурыз айы еліміз үшін  маңызды оқиғаларға толы болды. оның ішінде 15 наурыз күні елімізде референдум өтіп, халқымыз үшін тарихи күн болды. Жаңа Конституция Қазақстан азаматтары үшін мінсіз қызмет ететініне сенемін. 
Әр дербес мемлекеттің басты құндылығы оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ!
Мемлекет басшысы бастаған жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық!
Ұлыстың Ұлы күні әр бір шаңыраққа амандық, молшылық, бақ-берекесін әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып құт берекеміз таси берсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Құрметпен,
Сапархан Умаров
Түркістан облысы Арыс аудандық сотының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 44 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 21 ӨНДІРІС ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары жалғасуда