ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТТІ

 Арыс қаласында орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше  балалардың жаңа жылдық шыршасы болып өтті. Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов пен Шымкент қаласы әкімнің кеңесшісі, балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева қатысып, ерекше күтімді қажет ететін балаларға жаңажылдық құттықтау лебіздерін жеткізді.
Кішкентай көрермендер үшін дайындалған театрландырылған қойылымдар оларды ертегі еліне шақырды. Балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық ұялап, олар жасыл шыршаның жанында бірлесіп ән шырқады. Демеушілер тарапынан балаларға түрлі сый-сияпат табысталды.
Айта кетейік, 50 орынға арналған «Danis» коррекциялық дамыту орталығы 2022 жылы жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда тілі мен құлағында мүкісі бар немесе ақыл-ой дамуында ауытқушылық байқалатын балалар мен жалпы дамуы кешеуілдеген, арнайы мамандар көмегін қажет ететін балалардың өсіп, жетілуі үшін барынша жағдай жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас: Атамекен ауыл тұрғындары көше жарығының толық жанбайтынын айтып, шағымдануда

berdaly_oraz

Түркістанда тұрғын үймен қамту мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Түркістан облыстық мәслихатында 13 мәселе қаралды

berdaly_oraz

Пікір жазу