Түркістан: Арыста «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті

Арыс қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті деп, хабарлайды  Arysinfo.kz  порталы

31 қазан күні республиканың барлық өңірлерінде Қазақстанның  ең үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін консультация беріп, көмек көрсетті.

Яғни, бір мезгілде Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтіп, аталған іс-шара Арыс қаласында да жалғасын тапты. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру.

Акцияға  Арыс аудандық прокуратурасының проукурорлары,  жергілікті заңгерлермен қатар сот орындаушылар, полиция,  жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. тиісті сала мамандары қатысты.

Акцияға арнайы қатысқан Арыс ауданының прокуроры Арыстанбеков Алмас Себжанұлы қабылдауға келген азаматтарды тыңғылықты тыңдап,  заңды шешу жолдарын қарастырды.

Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажет екені байқалды, оны қарапайым қазақстандықтар қолдап, оны өткізу дәстүрге айналды және халық оны күтуде.

Прокурор орынбасары Темур Әбдірахманұлының айтуынша, “Халық заңгері” акциясы азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

2016-2025 жылдар аралығында акцияға елімізде 10000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 400 000-нан астам адам консультация алған екен. Айта кетейік, аталған акция Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылында да өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды

berdaly_oraz

Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды