ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты.

Облыс әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, өз сөзінде облыста жүйелі жұмыстар атқарылып, спорт инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Қала мен ауылдарда заманауи спорт алаңдары, жаттығу орталықтары ашылып, бұқаралық спортты дамыту қарқыны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, ескек есу кешені елге қызмет етуде. Биылғы 8 ай қорытындысымен экономикалық өсім бойынша да облысымыз үздіктер қатарында келе жатыр. Бұл – барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен біріккен жұмыстың нәтижесі – деді .

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысты.

Дүбірлі доданың марапаттау салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті.

Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс тұғырынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құралған команда 1-ші орын алып, 1 млн. теңгені иемденді.
Ал жүлделі 2-орыннан көрінген Төлеби аудандық мәслихатының депутаттарына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Дүбірлі додада 3-орынды Түркістан қалалық мәслихаты 300 000 теңгемен жеңіп алса, Арыс қалалық мәслихат депутаттары 4-ші орыннан көрініп, 200 000 теңгені иеленді.

Сонымен қатар, алаңда белсенділік танытқан депутаттарға арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен 50 мың теңгеге қаржылай сертификаттар табысталды.


Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов — «Үздік ойыншы», Бәйдібек ауданының қатысушысы Нұрғали Тұрлыбеков — «Үздік шабуылшы», Мақтаарал ауданының қатысушысы Мұхан Тұрсынханов — «Үздік қақпашы», Сайрам ауданының қатысушысы Қадырбек Қуатбеков — «Үздік қорғаушы» атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

berdaly_oraz

Түркістанда «WorldSkills Turkistan-2025» облыстық чемпионаты аяқталды

berdaly_oraz

Қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті

berdaly_oraz