Түркістан логистика орталығына айналуы мүмкін: Нұралхан Көшеров Қытай инвесторларымен келіссөз жүргізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдан келген іскерлік делегацияны қабылдап, өңірдің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. ҚХР-дан келген қонақтар индустриалды аймақтарды аралап, өңірдің өндірістік әлеуетімен танысты.

Келіссөз барысында тараптар логистикалық инфрақұрылымды дамыту, бірлескен қоймалар мен сауда өкілдіктерін ашу, сондай-ақ энергетика мен тау-кен өндіру салаларында ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. Қытайлық инвесторлар өз жобаларын таныстырып, ұсыныстарын ортаға салды.

Облыс басшысы Түркістанның көлік-логистика саласында айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Әсіресе, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі арқылы өңірдің Орталық Азиядағы маңызды транзиттік торапқа айналуы мүмкін екенін айтты.

– Түркістан өңірі арқылы өтетін халықаралық дәліз – жаһандық нарыққа шығудың маңызды жолы. Авиациялық жүк тасымалын дамыту, әуежай маңында техникалық қызмет көрсету орталықтарын орналастыру және заманауи логистикалық парктер құру – біздің ортақ мүддеміз, – деді Көшеров.

Кездесу аясында қытайлық делегация Түркістанда салынып жатқан мақта зауытының құрылысымен және Сауран ауданындағы Ораңғай арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Turan» арнайы экономикалық аймағының артықшылықтары таныстырылып, инвесторларға толық ақпарат берілді.

Қонақтар екі күндік сапар соңында Түркістан қаласына экскурсия жасап, қаланың мәдени-тарихи нысандарын аралады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жол қауіпсіздігі күшейтілуде

berdaly_oraz

Түркістан облысында қатты дауыл салдарынан электр желілері істен шықты

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Пікір жазу