Түркістан мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер өтті

Түркістан мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер өтті
Кілтсөздер: Түркістан, деструктивті ағым, теолог, діни экстремизм, ұлттық құндылықтар

Түркістан қаласындағы №19 Төле би, №24 М.Шоқай және №34 жалпы білім беретін мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Мырзабай Қайсар арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарға теріс діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын түсіндірді.

Кездесу барысында діни экстремизмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шетелде бейресми діни білім алудың қаупі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, дін саласындағы тұрақтылықты сақтау қажеттігі де баса айтылды.

Шара соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, теолог маман тарапынан жан-жақты жауаптар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыда ерлік: полицейлер ер адамды өлім аузынан арашалап қалды

berdaly_oraz

«Шерзатты денеммен жаптым»: Сотта марқұм Нұрқанаттың соңғы жауабы жария етілді

berdaly_oraz

Түркістанда жас қаламгерлердің шығармашылық кездесу кеші өтті

Пікір жазу