Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан тұрғындарына үлгі болды.
«Біз өз балаларымызға азаматтық парыздың мәнін көрсету үшін келдік. Әр отбасының таңдауы маңызды, өйткені ол мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына әсер етеді. Осылайша, балаларымыз болашақта өз елінің тағдырына жанашырлық танытып, қоғамда белсенді болып өседі деп сенеміз. Елдің бірлігі мен татулығын сақтау – әрқайсымыздың қолымызда, сондықтан әр дауыс – мемлекетіміздің болашағына қосылған нақты үлес. Біз отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасап, балаларымызға осы жауапкершіліктің үлгісін көрсеткіміз келеді», – дейді Молдабековтер отбасы.
Айта кетсек, бүгін Сауран ауданы бойынша республикалық референдумға арналған 41 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын жасауда. Аудан бойынша референдумға қатысуға құқылы сайлаушылардың жалпы саны — 52 349 адам.
