ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланың жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды жобалар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті назарында.

Осыған орай облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев бірқатар нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты. Ол мердігер мекемелерге жұмыстың сапасы мен уақытылы орындалуын қадағалауды жүктеді.

Алдымен «Жаңа қала» шағынауданындағы №32 және №36 көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу мен жарықтандыру жұмыстарын көрді. Мұнда асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу және абаттандыру шаралары аяқталуға жақын.

Сапар барысында Дауылбаев №2 Әкімшілік ғимаратының құрылыс алаңына да барды. Қазір нысанда инженерлік желілер тартылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 79 жұмысшы мен бірнеше техника жұмылдырылған құрылыс қараша айында аяқталуы тиіс.

Бұдан бөлек, «Әкімшілік-іскерлік орталығы» аумағында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің және Яссы көшесіндегі абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар атшабар кешенінің құрылысын назардан тыс қалдырмады. 99 гектар аумаққа салынған кешенде ат спортына арналған алаңдар мен қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Аралау қорытындысында аппарат басшысы бірқатар ескертулер жасап, олқылықтарды жоюды тапсырды. «Ұзаққа созылған құрылыстарға жол берілмейді» деп ескертіп, жұмысшылар санын көбейтіп, сапаны күшейту міндетін қойды.

Айта кетейік, өңірдегі барлық ірі нысандардың құрылыс қарқыны мен сапасы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

БЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН РЕФЕРЕНДУМ ЖАЙЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

berdaly_oraz

Түркістан: Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді