Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
2025 жылы өңір спортының дамуына сүбелі үлес қосып, халықаралық және республикалық ареналарда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде спорт мектебінде 85 қызметкер еңбек етеді, оның 26-і әкімшілік қызметкер, 59-і жаттықтырушылар штаты.
Жаттықтырушылар құрамының кәсіби деңгейі де жоғары. Мектепте 11 жоғары санатты, 5 І санатты және 21 ІІ санатты жаттықтырушы қызмет етеді. Бұл – жас спортшыларды сапалы даярлауға берік негіз.
Мектебімізде 13 спорт түрі бойынша негізгі құрамда 809 спортшы, ал қосалқы құрамда 150 спортшы тұрақты түрде кәсіби спортпен айналысуда.
2025 жылдың 1 желтоқсанынан мектебімізде қол күрес,гір және пауэрлифтинг спорт түрлері қысқартылып, орнына дзюдо күресі және ұлттық жекпе-жек спорт түрлері ашылуы жоспарлануда.
Олимпиадалық спорт түрлері:
1. Баскетбол — 56 спортшы
2. Волейбол — 142 спортшы
3. Жағажай волейболы — 45 спортшы
4. Гандбол — 64 спортшы
5. Регби — 76 спортшы
б. Бокс — 176 спортшы
7. Таэквондо — 67 спортшы
8. Үстел теннисі — 80 спортшы
9. Садақ ату — 22 спортшы
Олимпиадалық емес спорт түрлері:
1. Кикбоксинг — 56 спортшы
2. Каратэ — 25 спортшы
Жалпы оқу топтары саны — 91, онын ішінде:
• Спортты жетілдіру тобы — 14
• Оқу-жаттығу тобы — 65
• Алғашкы даярлық тобы — 12
2025ж оқу жылында мектебіміздің спортшылары жалпы 107 спорттық іс-шараларға катысып 875 спортшы осы іс-шараларға камтылды. Осы 107 спорттық іс-шараның 89 мектептен, ал 18 спортық жарыстарға Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы есебінен жіберілді.
Мектеп спортшыларымыз сонымен қатар Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі есебінен 5 — халықаралық жарысқа және ҚР кұрама командасы мен 6 — ОЖЖ-ға қатысты.
2025 жылғы спорттық жетістіктеріміз
Әлем чемпионаты мен Кубогі:
1-орын 9 спортшы
2-орын 10 спортшы
3-орын 9 спортшы
Жасөспірімдер арасында Азия ойындары:
1-орын 1 спортшы
2-орын 1 спортшы
Азия чемпионаты мен Кубогі:
1-орын 5 спортшы
2-орын 2 спортшы
3-орын 1 спортшы
ҚР чемпионаты:
1-орын 61 спортшы
2-орын 43 спортшы
3-орын 31 спортшы
Халықаралық және Республикалық жарыстар:
1-орын 41 спортшы
2-орын 44 спортшы
3-орын 62 спортшы
Түркістан оьлысының чемпионаты:
1-орын 47 спортшы
2-орын 10 спортшы
3-орын 10 спортшы
Жанысбаев Сейтжан Үшкемпірұлы жетекшілік ететін ұжымның шәкірттері 2025 жылы 164 алтын, 110 күміс, 113 қола, барлығы 387 медаль жеңіп алып, өңір спортының мерейін асқақтатты.
Аталған жетістіктер — жүйелі жұмыстың, кәсіби жаттықтырушылар еңбегінің және спортшылардың табанды дайындығының нақты көрінісі.
