Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «Кegoc» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «kegoc» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов аймақтың энергетикалық әлеуетін көтеруге бағытталған маңызды жобаларды талқылады. Кездесу барысында Түркістан өңірін электр қуатымен сенімді қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту жайы кеңінен сөз болды.

Нәби Айтжанов компанияның аймақтағы перспективалық жоспарларын таныстырып, оңтүстік энергожүйесін күшейтуге арналған инвестициялық жобаларға тоқталды. Олардың қатарында қуаты 1000 мвт-қа дейін жететін бу-газ қондырғысы негізіндегі жаңа электр станциясының құрылысы бар. Бұл жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылуда. 2025 жылдың қыркүйегінде алғашқы 185 мвт қуат іске қосылып, 2026 жылдың соңына дейін жоба толық қуатына шығады деп күтілуде.

– Энергетика – Түркістан облысының тұрақты дамуының негізгі тетігі. Электр желілерін жетілдіру мен жаңарту – біздің басым бағытымыз. Осы ретте «kegoc» компаниясымен ынтымақтастығымыз маңызды. Түркістанның өркендеуі үшін бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

Аймақтың энергия тұтынуы бүгінде 445 мвт-ты құрайды. Оның 80%-дан астамы солтүстік аймақтардан жеткізілсе, облыста тек екі станция жұмыс істейді – Шардара сэс (126 мвт) және «Кентау-сервис» мкк (5,5 мвт). Бұған қосымша, өңірде қуаты 278,6 мвт болатын 24 жаңартылатын энергия нысаны бар.

Болашақта жүзеге асырылатын жобалар қатарында Кентаудағы металлургиялық зауыттар үшін 28 мвт, «Аңсай» кен орны үшін 12 мвт, ал Сайрамдағы кремний кластері үшін 500 мвт электр қуаты қажет. Созақтағы фосфор зауыты да 89 мвт-қа қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл бастамалар аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін айтарлықтай арттырмақ.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ШАХАРҒА КІРЕБЕРІС КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ТАРАЗЫЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Елімізде той жасағандар да салық төлеуі мүмкін

berdaly_oraz

Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

Пікір жазу