ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы тағайындалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа орынбасарын өңір активіне таныстырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды міндеттер жүктелетінін атап өтті және қызметіне сәттілік тіледі.

Қайыпбек Қанат 1984 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді маман, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бастаған. Әр жылдары осы салада түрлі жауапты қызметтер атқарып, сыртқы экономикалық байланыстар, сараптама, ақпараттық технологиялар және ауылдық аумақтарды дамыту бағыттарында жұмыс істеген.

Кейінгі жылдары облыстық және қалалық деңгейдегі басқару құрылымдарында басшылық лауазымдарда еңбек етіп, Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды. Жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби білімі оны өңірдің экономикалық дамуына жауапты маман ретінде танытты.

Жаңа қызметінде Қайыпбек Қанат кәсіпкерлік және сауда, мемлекеттік сатып алу, қаржы және мемлекеттік активтер, сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау салаларына жетекшілік ететін болады.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, алған тәжірибесін Түркістан өңірінің дамуына жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысының кеңесшісі өңірдегі мәдениет және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесті

Арыс қаласында орталық пен Сырдарияны жалғайтын жүргінші жол салына бастады

berdaly_oraz

Шымкент пен Инчхон арасында тікелей әуе рейсі ашылды