Түркістан облысы экономикалық өсім қарқыны бойынша алдыңғы қатарда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде 2025 жылдың 11 айының қорытындысымен өңірде қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4 пайызды құрап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты. Бұл көрсеткіш Түркістан облысын республика көлемінде үздік үш өңірдің қатарына шығарды.

Осы мәселелер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Мәжілісте 2025 жылдың қорытынды нәтижелері сараланып, жоспарланған макроэкономикалық индикаторлардың орындалу барысы қаралды. Жиын барысында жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жылдық жоспарларды толық орындау, сондай-ақ статистикалық деректердің уақтылы әрі нақты берілуін қадағалау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары айқындалып, өңірдің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер белгіленді. Облыстың даму көрсеткіштері тұрақты бақылауда қалып, жоспарланған межелерге қол жеткізу жұмыстары алдағы кезеңде де жалғасын таппақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары жалғасуда

ТҮРКІСТАН: Қазақстан өкілі Азия ойындарында төреші болады

berdaly_oraz

ШЫМКЕНТТІКТЕР! ҚҰРЫЛЫС САЛУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

berdaly_oraz