Қазығұрт ауданына қарасты Сабыр Рақымов ауылдық округіндегі №274 референдум учаскесінде тұрғындар үшін арнайы «Шеберлер бұрышы» және «Елімізге тілегім» атты тілек тақтасы ұйымдастырылды.
Аталған бұрышта ауылдың қолөнерге жақын шебер азаматтарының түрлі бұйымдары қойылып, келушілер ұлттық қолөнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды. Ал «Елімізге тілегім» атты арнайы тақтада тұрғындар еліміздің болашағына қатысты ақ тілектерін жазып қалдырды.
Мұндай игі бастамалар референдум учаскесіне келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, елге деген сүйіспеншілік пен бірлік сезімін арттыра түсті. Сонымен қатар, аталған шаралар азаматтардың белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге деген қызығушылығын нығайтуға өз үлесін қосты.
