ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН ҮКІМЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Ташкент қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов арасында ресми кездесу өтті. Басқосуға Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов та қатысты.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту, шекара маңы ынтымақтастығын дамыту және өзара сауда айналымын арттыру мәселелерін талқылады.

Әңгіме өзегінде туризмді өркендету, жаңа өндіріс ошақтарын ашу және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы болды. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық серіктестікті нығайту бағытындағы нақты ұсыныстар қаралды.

Нұралхан Көшеров Түркістан облысы мен Өзбекстанның шекаралас аймақтарын ортақ тарих, мәдениет және экономикалық мүдделер байланыстырып тұрғанын атап өтті. Ол екі өңірдің өзара ықпалдастығын арттыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу мен инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Тараптар шекара маңындағы сауда инфрақұрылымын жетілдіру, көлік-логистика жүйесін дамыту және туризм бағытында бірлескен жобаларды қолға алу жөнінде уағдаласты.

Айта кетсек, Түркістан облысының делегациясы сапар барысында Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Үргеніш және Хиуа қалаларында кездесулер өткізіп, туризм және инвестиция салалары бойынша нақты келіссөздер жүргізеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ҚОҒАМҒА БЕРІЛДІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында жұма намазы кезінде түсіндіру жұмыстары өтті

berdaly_oraz