Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округіндегі индустриялық аймақта «Альбарака 077» ЖШС-ның күнбағыс майын өндіруге арналған цехының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жобаның инвестициялық құны 800 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын пайдалануға берілген соң 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Индустриялық аймақтан өндіріс орнына 3 гектар жер телімі бөлінген.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Кездесу барысында ол жобаның уақытылы іске қосылуы өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтіп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда өндірістік цехтың негізгі ғимараты толық салынған. Алдағы кезеңде күнбағыс майын өндіруге арналған заманауи технологиялық жабдықтарды орнату және іске қосу-баптау жұмыстары жүзеге асырылуда. Жобаны 2026 жылдың бірінші тоқсанында толық пайдалануға беру жоспарланып отыр.
