Түркістан облысы: Тексеруді өзі жүргізетін органның басшысы Ғалымжан Тапеев тексерудің өзіне ілікті

Түркістан облысында мемлекеттік бақылау мен тазалықты қамтамасыз етуі тиіс орган – Тексеру комиссиясының төрағасы өзі тексерудің нысанына айналды. Ғалымжан Тапеевтің атына «қызметін асыра пайдаланды», «қол астындағыларды балағаттады» деген шағым түсті. Бұл – тек жай әңгіме емес, мемлекеттік қызметтің абыройына тікелей соққы.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті арнайы қызметтік тергеу бастағанын растады. Яғни, «бәрі жақсы» дейтін кабинет маңындағы тыныштықтың сыртында не болып жатқаны ашыла бастады. Бүгінгі таңда Тапеевтың өзі де, оның әрекеттері де жұрт назарында.

Төраға мемлекеттік қызметкер этикасын белінен басып, басқару тәсілін қысым мен қорқыту арқылы жүргізіп келгені ме,онысы аудиожазбаға басылып қалған.Дегенмен Тапеев бұл туралы пікір білдіруден жалтарған. Мұнысы – жай ғана үнсіздік пе, әлде ақталуға сөз таппағаны ма?

Ең сорақысы – қоғам ақ-қарасын ажыратуға тиіс органның өз ішінде осындай дау шыққаны. Мемлекеттік құрылымдардың ішінде қызметтік этика мен тәртіп сақталмаса, одан халық не күтпек?

Ұқсас жаңалықтар

«Серпін» бағдарламасымен 800-ден астам түркістандық түлек грантқа түскен

Альфия Адамбек

Сауранда «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Мектеп оқулығындағы сілтеме дауы: Оқушылар букмекерлік сайтқа тап болған

berdaly_oraz

Пікір жазу