Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтті

Түркістан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде жалпы сыйымдылығы 22 900 оқушы орнын қамтитын 29 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Өткен оқу жылында облыста 13 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылы басталар алдында тағы 8 білім ұясы есігін ашты. Жыл соңына дейін қосымша 8 заманауи мектеп іске қосылмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың бақылауындағы бұл жұмыс үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге, ауыл мен қала балаларын теңдей білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, мектептерді жаңғырту (реновация) жобасы шеңберінде өңірдің 115 мектебі кезең-кезеңімен жөндеуден өтуде. Биылдың өзінде 110 білім нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оған қоса, облыстық бюджет есебінен 17 жаңа білім нысанының құрылысы жалғасуда. Оның ішінде 11 мектеп, Созақ ауданында 120 орындық колледж жатақханасы және Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында 5 қосымша білім беру ұйымы бар.

Жаңа оқу жылы Түркістан өңіріндегі мыңдаған оқушы үшін жаңартылған сыныптар мен заманауи мектеп қабырғасында басталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Арыстағы тұқымбақ тәжірибесі басқа аудандарға ұсынылды

Күні ертең Монтайтас ауылдық округінде жер және құрылыс мәселелері бойынша жиналыс өтеді

berdaly_oraz