Түркістан облысында 400 мыңнан аса ағаш егілді

Түркістан облысында көктемгі ағаш отырғызу және тазалық шаралары қарқынды жүріп жатыр. Бұл игі іске облыстың барлық аудан, қалаларынан 235 мыңнан аса тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарының тазалығына үлес қосты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көктемгі ағаш отырғызу науқаны бойынша баяндама жасап, тазалық шаралары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл өңірде 1,2 млн ағаш отырғызу жоспарланған, оның 631 мың түбі көктем мезгілінде егіледі. Бүгінгі таңда аудан, қала аумағында 415 мыңнан аса түп ағаш отырғызылып, оларды суару және қоршау жұмыстары жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 342 елді мекенде тазалық жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар барысында 5 207 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 1263 арнайы техника жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Арыс» футбол клубы сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

berdaly_oraz

Президент Тоқаев қай газетті оқитынын айтты

berdaly_oraz

Үш облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды

berdaly_oraz

Пікір жазу