ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 51 СПОРТ НЫСАНЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын дамыту қарқынды жалғасуда. Өткен жылы өңірде 73 жаңа спорт нысаны салынып, іске қосылған болса, биыл тағы 51 нысанның құрылысы аяқталмақ. Олардың қатарында халықаралық стандарттарға сай атшабар мен ескек есу каналы да бар. Бұл мәселелер облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық еткен мәжілісте талқыланды.

Ертай Кенжебекұлының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде бұқаралық спортты дамытуға және заманауи спорт кешендерін салуға басымдық беріліп отыр. – Соңғы жылдары спорт нысандарының саны артып, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатары көбейді. Биыл іске қосылатын нысандардың сапасына ерекше мән берілуі керек, – деді ол.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылында жаңа спорт зал пайдалануға берілді. Сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен 8 нысан ел игілігіне тапсырылды. Облыс басшылығы бекіткен арнайы критерийлер негізінде алдағы спорт нысандарының жобалары әзірленіп, 2026-2028 жылдары 55 нысан салу жоспарланған. Оның ішінде 23 спорт кешені, 29 спорт зал, бір жабық алаңша және бір стадионды қайта жаңғырту көзделген.

Жоспар толық орындалса, өңірдегі спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 2026 жылы 48%-ға, 2027 жылы 52%-ға, ал 2028 жылы 56%-ға жетіп, Түркістан облысы республика бойынша үздік он өңір қатарына енуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда экономикалық өсім сақталды: негізгі көрсеткіштер 2025 жылы айтарлықтай артты

berdaly_oraz

Түркістан: Төлебидің экономикалық және туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Түркістанда қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды

berdaly_oraz