ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында балық шаруашылығын өркендетуге ерекше назар аударылуда. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Әкім аталған саланы дамыту, өнімділік пен экспорт көлемін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

— Бекітілген межелерге қол жеткізу үшін балық өсіру көлемін ұлғайтып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаңыздар. 104 су айдыны мен жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды қайта саралап, тиімділігін арттыру қажет. Басқармалар мен әкімдіктер бірлесіп, өндірілген өнім көлемін бақылауда ұстауы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Облыстық табиғи ресурстар басқармасының мәліметінше, 2030 жылға дейін өңірде тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу көзделген. Биыл бұл көрсеткіш 7467 тонна болмақ. Қазір облыста 245 балық шаруашылығы тіркелген, олардың 164-і заңдастырылған.

2025-2027 жылдарға арналған даму жоспары қабылданып, осы уақытқа дейін 905 тонна балық өндірілген. Жыл соңына дейін 16 жаңа шаруашылық ашу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, облыста экспортқа бағытталған 4 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл басынан бері шетелге 1069,5 тонна балық өнімі жөнелтілген. Мемлекеттік қолдау аясында 2025 жылы акваөсіруді субсидиялауға 500 млн теңге бөлініп, балық азығы, шабақтар және ғылыми негіздемелерге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен инвестициялық шығындарды өтеуге 120,5 млн теңге бөлініп, оның 3,2 миллионы игерілді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 71 жобаға 698 млн теңге қарастырылып отыр. Жалпы, салаға 7,4 млрд теңге республикалық бюджеттен, 1,3 млрд теңге қайтарымды қаржы ретінде жоспарланған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Балабиев: «Жекеменшік балабақшаларға айыппұл салына берсе, олар жабылып қалуы мүмкін»

berdaly_oraz

Шымкентте студенттер есірткімен ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды

berdaly_oraz

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабеков дүниеден өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу