ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА 170 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға 2025-2029 жылдары шамамен 164 млн теңге инвестиция бағытталмақ. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департамент басшысы Ақтілеу Бекмұратов мәлімдеді.

Инвестицияның басым бөлігі электр желілерін қайта құруға жұмсалады — 100,8 млн теңге. Жылумен жабдықтауға — 20,08 млн теңге, су жүйелеріне — 34,5 млн теңге, кәріз инфрақұрылымына — 8,4 млн теңге тарту жоспарланып отыр.

Қазір өңірдегі электр желілерінің 57%-ы ескірген. Жоба аясында 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 53,5%-ға дейін төмендету көзделген. Леңгір қаласында су жүйелерінің 64%-ы тозған, бес жыл ішінде бұл деңгей 50%-ға дейін қысқаруы тиіс. Түркістан қаласында кәріз жүйесінің 60%-ы ескірген, бағдарлама нәтижесінде бұл көрсеткіш 40%-ға дейін азайтылады.

Ақтілеу Бекмұратовтың айтуынша, ұлттық жоба қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртып қана қоймай, салаға жаңа технологияларды енгізіп, жүйелердің қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Департамент басшысы атап өткендей, бағдарлама аясында инвестиция тек негізгі желілерді жөндеуге емес, сонымен бірге энергия тиімділігін арттыруға да бағытталады. Бұл өз кезегінде шығындарды қысқартуға, қызмет сапасын жақсартуға және өңір халқы үшін коммуналдық жүйелердің қолжетімділігін арттыруға жол ашады.

Бердалы Ғабитұлы (журналист)

Ұқсас жаңалықтар

12 ақпанда Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады

berdaly_oraz

Түркістан облысында 2025 жылдың І жартыжылдығында өзіндік кірістер көлемі артқан

Түркістан: Шардарада армрестлингтен әлем чемпионына үй кілті табысталды

berdaly_oraz