Түркістан өңірінде «Білім болашағы: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбымен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің облыстық тамыз секциясы өтті. Жиынға облыстық білім басқармасының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Орынов, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ балабақша педагогтері қатысты.
Басқосуда мектепке дейінгі тәрбиенің қазіргі жағдайы мен келешектегі бағыттары талқыланды. Ғалымжан Қалдыкөзұлы өз баяндамасында балабақша ісінің облыстағы даму тарихына тоқталып, жекеменшік сектордың қосқан үлесін атап өтті. Ол соңғы жылдары тұрғын үй аумақтарында ашылған шағын балабақшалардың балаларды қамтуда маңызды рөл атқарып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, нормативтік талаптарды қатаң сақтау және білім беру сапасын арттыру басты міндет екендігін еске салды.
– Бүгінгі таңда біздің басым қағидатымыз – баланың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету. Бұл – таңдау емес, қатаң талап. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №381 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар жыл сайын тексерістен өтеді. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, құжат айналымы мен инфрақұрылымда айтарлықтай олқылықтар жоқ. Дегенмен талаптарды орындау – мемлекеттік тапсырыстың сақталуы мен сапалы қызметтің кепілі, – деді Ғалымжан Орынов.
Ол сондай-ақ Президенттің тапсырмасына сәйкес барлық балабақшалардың бейнебақылау жүйелерін Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл бастама балалардың қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналардың сенімін арттырады.
Жиында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, ұлттық құндылықтарды тәрбие процесіне енгізу мәселелері көтерілді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, үздік әдістемелерін ортаға салды. Мұндай пікір алмасу алаңы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырып, жас ұрпақты елжанды әрі әділ азамат етіп тәрбиелеуге жол ашады.
Өңірде мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу де қолға алынды. Бұл пилоттық жоба Түркістан қаласында және Сарыағаш, Қазығұрт, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам аудандарында іске қосылды. Ал қазан айынан бастап тағы 11 аудан мен қала осы жүйеге өтеді. Жаңа тетік ата-аналарға балабақша таңдауда еркіндік беріп, мемлекеттік және жеке сектор арасында әділ бәсекелестік орнатуға ықпал етпек.
Сонымен қатар, өңірде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мақсатында консультациялық пункттер саны айтарлықтай артты. Жоспар бойынша 2024 жылы – 26, ал 2025 жылы – 50 пункт аш
