ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН «БІРЛІК ЖАРЫСЫ» ЖҮГІРУ ДОДАСЫНА 6 МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

Спорттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан қаласындда өтті деп, хабарлайды Arysinfo тілшісі

Облыс орталығында өткен сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынаған. Жарысқа қатысушылар «Денсаулық» саябағынан бастап, «Достық» үйіне дейін жалпы 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді.

Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде өтіп, жалпы 17 аудан-қаладан 6 мыңнан астам адам қамтылды.

Бұл шараның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігін, достығы мен татулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша іріктеліп, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен қыздар арасында бақ сынасты. Атап айтқанда, 18 бен 29, 30 бен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 50 мен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Салтанатты іс-шараның соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жеңімпаздарға арнайы диплом мен медаль табыс етті.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұрланған затты мойындату үшін азаптаған»Алматыда екі полицей сотталды

berdaly_oraz

«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Қазақстанда алдағы үш күнде нөсер жаңбыр жауып, күн суытады

admin_arysinfo

Пікір жазу