Түркістан облысы Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен ынтымақтастық меморандумын бекіткен болатын. Бұл келісім республика бойынша алғаш рет өңірде қолға алынып, бүгінде өз тиімділігін көрсетуде.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері құқықтану және ІТ мамандықтарында оқитын студенттерге арнайы кестеге сай апталық сабақтар өткізіп, ғаламтордағы заңсыз контентті анықтау және жою бағытында тәжірибе алмасып келеді.
Бұл жұмыстар оң нәтижесін беріп, студенттер интернет кеңістігіндегі құқыққа қайшы контенттерді анықтауға белсенді араласуда. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында студенттер полициямен бірлесіп, 2026 заңсыз сайтты анықтап, олардың бұғатталуына ықпал етті.
Осы орайда облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов киберқылмыстарға қарсы күресті күшейту үшін ІТ-мамандарын полиция қызметіне шақырды. Бұл бастама интернеттегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.