Түркістан облысында тұрғындар өз ұсыныс-өтініштерін жеткізді

Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке қабылдау жалғасуда. Кезекті қабылдауда облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков азаматтардың талап-тілектерін тыңдап, әр мәселе бойынша жауапты мекемелермен бірлесе шешу жолдарын қарастырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі жер мәселесі, кәсіпкерлікке қолдау, жеңілдетілген несие алу сынды экономикалық бастамаларға қатысты өтініштерін жеткізді.

  • Түркістан қаласының тұрғыны екі инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін Арнайы экономикалық аймақтан жер беруді сұрады.
  • Түлкібас ауданының азаматы 200 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады.
  • Басқа бір кәсіпкер құс шаруашылығын дамытуға жер сұрап, индустриалды аймақтардағы «браунфилдтерге» қызығушылық танытты.

Әкім орынбасары тұрғындарға заң аясында қолдау көрсетілетінін, тиісті ақпараттар мен кеңестер берілетінін айтты. Барлық өтініштер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Тұрғындар жеке қабылдауға «eOtinish» платформасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесі арқылы жазыла алады.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде той жасағандар да салық төлеуі мүмкін

berdaly_oraz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ» ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ БЕСІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

berdaly_oraz