Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері қаралып, нақты шаралар қабылдануда

Түркістан облысында халық көтерген мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдап, алдын ала тіркелген өңір тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Қабылдауға тиісті басқарма басшылары мен қала әкімдігі өкілдері қатысып, әрбір мәселені жан-жақты қарастырды.

Кездесу барысында тұрғындар түрлі әлеуметтік және қоғамдық сипаттағы ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Олардың қатарында жекеменшік мектеп ашуға қолдау көрсету, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне шипажайларға жолдама беру, соғыс ардагерлеріне арналған арнайы бұрыш ұйымдастыру, сондай-ақ жастар арасында турнирлер өткізу мәселелері көтерілді. Сонымен бірге кейбір тұрғындар бұған дейін айтылған өтініштердің оң шешімін тапқаны үшін алғыстарын білдірді.

Азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жауапты сала басшылары мен мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болды.

Жалпы облыс басшылығы тұрғындармен ашық диалог орнатуға ерекше мән береді. Осыған байланысты облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл кездесулер халықтың өтініштерін тікелей тыңдап, оларды жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, жеке қабылдауға жазылу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар eGov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай өтініштер жүйесі арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркеле алады. Ал қабылдауға жазылу процесін Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі үйлестіреді

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы аясында 30-дан астам көшеге асфальт төселді

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

Сарыағаштық боксшы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

berdaly_oraz