Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Оны аудандық полиция қызметкерлері қолға түсірген.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарға мемлекеттік қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, сенімдеріне кірген. Ол жәбірленушілерге бизнес-жоспар әзірлеуді уәде етіп, ақысын алдын ала талап еткен. Алайда ақшаны алғаннан кейін түрлі сылтаулар айтып, уәде етілген қызметін көрсетпей, қаражатты қайтармаған.

Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас үш алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілердің бірі оған 700 мың теңге берген, ал жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құраған.

Сонымен қатар, тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. Бұл жолы да ол жәбірленушілерден алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер тұрғындарды сақ болуға, күмәнді уәделерге сенбеуге және ақшалай операциялар жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Альфия Адамбек

Түркістан облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты: ветеринариялық және алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Теміртауда қарияны ұрып,соққан 9 күдікті 2 айға қамалды

berdaly_oraz

Пікір жазу