Түркістан облысында жеңілдетілген несие бағдарламалары таныстырылуда

 

Түркістан облысында кәсіпкерлер мен жаңа кәсіп бастаушыларға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес қолға алынған.

Облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің жетекшілігімен құрылған жұмысшы топ құрамына Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, «Даму» қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ырыс» МҚҰ өкілдері енді. Олар аудан-қалаларды аралап, тұрғындарға жаңа қаржыландыру мүмкіндіктерін түсіндіруде.

Биыл іске қосылған «Өрлеу», «Даму кепілдік қоры – 1» және «Даму кепілдік қоры – 2» бағдарламалары кәсіпкерлер үшін тиімді шарттар ұсынып отыр. Мәселен, «Өрлеу» аясында бизнес иелері 10 жылға дейін 12,6%-бен 7 млрд теңгеге дейін несие ала алады. Ал кепілдік қоры жобалардың 85%-ына дейін қаржылық кепілдік беруді қарастырады.

Облыстық әкімдіктің дерегінше, жыл басынан бері «Бірыңғай кешенді бағдарлама» және «Өрлеу» шеңберінде 181 жобаға жалпы 26,7 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген.

Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Сауран, Созақ, Бәйдібек аудандарында және Кентау қаласында өтті. Қалған өңірлерде насихаттау шаралары бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

Альфия Адамбек

Өңірдегі жайлы мектеп директорларымен өзекті мәселе талқыланды

Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсарту – күн тәртібіндегі басты мәселе

berdaly_oraz