ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА КӨРІСУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТТІ

Көрісу күні (Амал мерекесі) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен шыққан халықтың бір-бірімен қауышып, жаңа жылды қарсы алатын ежелгі дәстүрі. Бұл күні адамдар өкпе-ренішті ұмытып, қол алысып амандасады, үлкендерге сәлем береді және бір-біріне «Жасың құтты болсын!» деп амандық тілейді.

Түркістан облысында 14 наурыз Көрісу күні мерекесіне орай барлық аудан-қалаларда арнайы челлендж өтті. Іс-шараның мақсаты — қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып болашақ ұрпаққа дәріптеу. Шара барысында ақсақалдар мен ақжаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, биыл облыс көлемінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурызнаманың» он күндігі жоспары бекітілген. Осылайша мерекеге дейінгі әрбір күн арнайы атаумен аталып сол негізінде іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 3 жасөспірімнің әрекеті поездің кешігуіне себеп болды

Түркістан облысында алаяқтар абақтыға қамалды

Шымкентте аппарат жиыны өтті

berdaly_oraz