Сурет: fotobus
15 наурызда өтетін республикалық референдумға байланысты Түркістан облысының бірқатар қалаларында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Бұл шара Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс қалаларында ұйымдастырылады. Бастаманың мақсаты – тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау.
Еске салайық, референдум күні өңірдегі дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
