ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДА 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысы аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 678 шақырым. Оның ішінде 301,5 шақырымы ақылы, 376,5 шақырымы тегін жолдар. Биыл осы бағыттағы инфрақұрылымды дамытуға арналған 10 жоба қолға алынды.

Атап айтқанда, ұзындығы 2 шақырым болатын бір нысанға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланса, қалған тоғыз жол учаскесіне орташа жөндеу жасалады. Жалпы ұзындығы – 208 шақырым.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында жол саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы «ҚазАвтоЖол» филиалы директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаев есеп берді. Оның сөзінше, Сырдарияға кіреберіс және «Атамекен» өткізу бекетіне апаратын жолдарда жөндеу толық аяқталған. Бұдан бөлек, «Самара – Шымкент» бағытындағы жол мен «Шымкент – Жібек жолы» трассасының Қазығұрт кеден бекетіне кіретін бөлігі орташа жөндеуден өтті.

З.Жолдасов жол сапасы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беріп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе жол бойындағы санитарлық-гигиеналық нысандарды көбейту, талапқа сай емес тораптарды жабу және бұл іске инвесторларды тарту қажеттігін атап өтті.

Жыл басынан бері республикалық жолдарда аялдамалар орнату, демалыс алаңшаларын абаттандыру, санитарлық тораптар салу, жол элементтерін сырлау, өртке қарсы минералды жолақ жырту, жол жиегін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша республикалық трассалар бойында барлығы 32 санитарлық торап бар. Оның 11-і жеке инвесторлардың қатысуымен салынған жылы әрі заманауи нысандар болса, қалған 21-і – қарапайым суық тораптар.

Жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, сондай-ақ «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» облыстық филиалы сапаға қатысты есеп берді. Сарапшылардың айтуынша, бақылау тұрақты жүргізілуде және құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов провел совещание по вопросу организации разъяснительной работы в контексте обсуждения проекта новой Конституции

Redaktor Arysinfo

Кентауда өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамыту ісі жанданады

АУЫЛ – ХАЛЫҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ДІҢГЕГІ, ЕЛДІГІНІҢ БАСТАУЫ

Redaktor Arysinfo