Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды

Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды,-деп хабарлайды Арысинфо.кз тілшісі.

Түркістан облысында инвестиция тарту қарқыны күшейді. Сауран ауданында инвесторлармен және кәсіпкерлермен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылып, жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайтын екі ірі жоба іске асырылатын болды.

Атап айтқанда, Шаға ауылдық округінде «Euro Sandwich Panel» ЖШС-ның сэндвич-панельдер зауыты салынады. Құны – 2,1 млрд теңге. Жоба жылына 900 мың м² өнім шығаруға қауқарлы. 2,5 гектар аумақта бой көтеретін нысан 2025-2026 жылдары іске қосылып, 30 адамды жұмыспен қамтиды.

Екінші жоба – Жүйнек ауылдық округіндегі «JADO GROUP» ЖШС жиһаз фабрикасы. Құны – 300 млн теңге. Айына 1000 дана жиһаз өндіріліп, тағы 30 жұмыс орны ашылады.

Жиында сондай-ақ Шаға өндірістік алаңының дамуы таныстырылды. Бүгінде мұнда 10 ғимарат іске қосылып, 500 жаңа жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін тағы 30 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, қосымша 70 гектар жер бөлінбек.

Сонымен бірге Қарашық, Иассы, Үшқайық, Шорнақ және Жүйнек ауылдық округтерінде шағын өндірістік алаңдар құрылып жатыр. Алдағы уақытта Бабайқорған, Ескі Иқан, Жаңа Иқан және Майдантал ауылдық округтерінде де осындай алаңдар салу көзделуде.

Бұл жобалар өңір экономикасына серпін беріп, кәсіпкерлік дамуына жол ашпақ.

Ораз Бердалы

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы мен China Railway Asia-Europe — стратегиялық серіктестікке жол ашты

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «ӘР ӘКІМ ӨЗ ЖҰМЫСЫНА ЖАУАП БЕРУІ ТИІС»

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Түлкібас ауданында асық ату спортынан чемпионат өтті